Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Колоссянам
1 2 3 4
Параллельные места
Осыны аңғарған ол Марқа деп те аталған Жоханның шешесі Мәриямның үйіне барды. Сол жерде көп бауырластар Құдайға сиынып мінажат етуге жиналған еді. Барнаба мен Саул өздеріне жүктелген міндетті Иерусалимде орындап болып, (Антақияға) қайта оралды. Олар Марқа деп те аталған Жохан есімді жігітті де ертіп алды. Пауыл мен оның сапарластары Пафта кемеге мініп, Памфүлия аймағындағы Перге қаласына барды. Жохан (Марқа) олардан сол жерде айырылысып, Иерусалимге қайтып кетті. Сонда Барнаба Жохан Марқаны да алып кеткісі келді. Бірақ Пауыл оны ертуді мақұлдаған жоқ, себебі бұрынғы сапарда бұл жігіт олардан Памфүлия аймағында қалып қойып, бірге бастаған ісін жалғастырмай тастап кеткен болатын. Осы мәселе айтысқа ұласып, олар бір-бірінен бөлініп кетті. Барнаба Марқаны алып, Кипр аралына кемемен жүзіп кетті. Бүкіл қала қозғалысқа түсті. Адамдар Пауылдың Гай мен Арыстарқ есімді македониялық серіктерін ұстап алып, сүйрелеп, бәрі бір адамдай ойын-сауық алаңына қарай лап қойды. Оған Азия аймағына дейін береялық Пирдің ұлы Сопатер, сондай-ақ салониқалық Арыстарқ пен Секунд, дербелік Гай мен Тімоте және азиялық Түхік пен Трофим еріп жүрді. Адрамитилық кемеге мініп, теңізге шықтық. Ол жол-жөнекей Азия аймағының кемежайларына кіретін болды. Бізге Салониқадан шыққан македониялық Арыстарқ ере жүрді. Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ. әрі өзге қызметтестерім Марқа, Арыстарқ, Димас, Лұқа да саған сәлем жолдауда.
К Колоссянам
1 2 3 4
Выбор основного перевода