Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Галатам
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Яһудея аймағынан Антақияға бірнеше кісі келіп, бауырластарға: «Егер Мұсаның дәстүрі бойынша сүндетке отырмасаңдар, құтқарыла алмайсыңдар», — деп тәлім бере бастады. Мен, Пауыл, сендерге мынаны айтамын, сөзіме ден қойыңдар: егер Құдай алдында ақталу үшін сүндетке отырсаңдар, онда сендерге Мәсіхтен ешбір пайда болмайды. Ал маған келсек, бауырластар: егер мен (біреулер айтқандай) әлі де сүндеттелудің қажеттігін уағыздап жүрген болсам, неге күні бүгінге дейін қудаланудамын? Сонда Мәсіхтің айқышта жанын құрбан еткені туралы уағыздарым яһуди діндарларының ашуын қоздырмас еді ғой. Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді.
К Галатам
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода