Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін: қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Таурат заңының игі екенін іштей мойындаймын. Онда жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәлі құмарлық. Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын. Ал енді, өзім қаламайтын жамандықты жасағанымда бұны істеген мен емес, бойымдағы күнәлі құмарлық. Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымда басқа бір заңдылықтың да бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәлі құмарлыққа кіріптар етеді. Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!
Выбор основного перевода