Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
«Бұдан қандай қорытынды шығады? (Құдай күнәларымызды кешіретіндіктен) Оның рақымы молайсын деп күнә жасай берейік пе?» «Бұдан қандай қорытынды шығады? Біз Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынғандықтан, күнә жасай берейік пе?» Жоқ, олай істеуге болмайды! Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер. Құдайға шүкір, сендер бұрын күнәнің құлы болғанмен, енді алған тәлімнен тапқан ақиқатқа бет бұруға шын жүректен шешім қабылдадыңдар. Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар. Түсініктеріңнің әлі де аз екенін ескеріп, осы қарапайым сөздерді қолданып отырмын. Бұрын сендер дене мүшелеріңді әділетсіздіктің құралы қылып, арам да заңсыз нәрселерге қызмет еткізгендерің сияқты, енді Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүру үшін дене мүшелеріңді әділдікке қызмет етуге арнаңдар! Күнәнің құлы болып жүргенде сендер әділдіктің билігінде болмадыңдар. Сол кездегі өмір салттарыңнан қандай нәтижелер көрдіңдер? Олар қазір өздерің де ұялатын істер еді. Солардың ақыры — мәңгілік өлім! Енді сендер күнәнің үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір. Дегенмен байқаңдар, бұл еркіндіктерің сенімі әлсіздерді күнәға азғырмасын! Мен бүкіл адамдардан тәуелсіз болсам да, олардың барынша көбін Мәсіхтің жолына түсіру үшін өзімді барлығының құлы еттім: Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!
Выбор основного перевода