Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Тергеп соттай көрме мені, қызметшіңмін,Мінсіз жан болмайды алдыңда Сенің. Сондықтан, бауырластар, мынаны біліп алыңдар: біз сендерге Құдай күнәларыңды осы Адамның құрбандығы арқылы кешіретінін хабарлаймыз. Мұса қалдырған Таурат заңын орындасаңдар да, күнәларыңнан шынайы ақтала алмадыңдар. Ал енді Исаға сенген әркім бар күнәларынан Исаның құрбан болғандығы арқылы ақталады. Себебі Құдайдың адамдарды ақтау жолы мынадан білінеді: ол басынан аяғына дейін сенімді қажет етеді. Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар ғой: Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді. Себебі Таурат заңын орындау арқылы бірде-бір адам Құдай алдында ақтала алмайды. Керісінше, сол заң адамның күнәлі екенін әшкерелейді. Ыбырайыммен де солай болды: ол Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды. Көздерің жетіп тұр: Тәңір Иеге сенім артқандар ғана — Ыбырайымның нағыз ұрпақтары. Сондықтан Тәңір Иеге сенім артқандар ежелде Оған сенген Ыбырайым арқылы жарылқанады.
Выбор основного перевода