Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Солардың ішінен Агаб деген біреуі орнынан тұрып, Киелі Рухтың бүкіл жерді аштық жайлайды деген хабарын жеткізді. Осы аштық Клаудидің патшалық құрған кезінде болды. Сондықтан Иеміздің жолын қуушылар әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудея аймағындағы бауырластарына жәрдем жіберуге шешім қабылдады. Олар осылай істеп, жинағандарын Иерусалим қауымының жетекшілеріне Барнаба мен Саул арқылы жөнелтті. Македония мен Ахаядағы қауымдар Құдайдың Иерусалимдегі адамдарының арасындағы мұқтаждары үшін ақша жинауды дұрыс деп тауып, оны зор ынтамен ұйымдастырды. Енді Құдайдың мұқтаждық көріп жүрген (Яһудеядағы) халқына көмек жинау туралы: Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға берген нұсқауларыма сай әрекет жасаңдар.
Выбор основного перевода