Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Филимону
1
Параллельные места
Осыны аңғарған ол Марқа деп те аталған Жоханның шешесі Мәриямның үйіне барды. Сол жерде көп бауырластар Құдайға сиынып мінажат етуге жиналған еді. Барнаба мен Саул өздеріне жүктелген міндетті Иерусалимде орындап болып, (Антақияға) қайта оралды. Олар Марқа деп те аталған Жохан есімді жігітті де ертіп алды. Пауыл мен оның сапарластары Пафта кемеге мініп, Памфүлия аймағындағы Перге қаласына барды. Жохан (Марқа) олардан сол жерде айырылысып, Иерусалимге қайтып кетті. Сонда Барнаба Жохан Марқаны да алып кеткісі келді. Бірақ Пауыл оны ертуді мақұлдаған жоқ, себебі бұрынғы сапарда бұл жігіт олардан Памфүлия аймағында қалып қойып, бірге бастаған ісін жалғастырмай тастап кеткен болатын. Осы мәселе айтысқа ұласып, олар бір-бірінен бөлініп кетті. Барнаба Марқаны алып, Кипр аралына кемемен жүзіп кетті. Бүкіл қала қозғалысқа түсті. Адамдар Пауылдың Гай мен Арыстарқ есімді македониялық серіктерін ұстап алып, сүйрелеп, бәрі бір адамдай ойын-сауық алаңына қарай лап қойды. Адрамитилық кемеге мініп, теңізге шықтық. Ол жол-жөнекей Азия аймағының кемежайларына кіретін болды. Бізге Салониқадан шыққан македониялық Арыстарқ ере жүрді. Құдайдың рақымы жөнінде біздің сүйікті қызметтесіміз Епафрастан осы тәлімді алдыңдар. Ол — сендер үшін еңбектеніп жүрген Мәсіхтің сенімді қызметшісі. Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ, сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар! Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш. Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп, берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде. Оның сендерді және Лаудіки мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін. Сүйікті дәрігер Лұқа да, Димас та сәлем жолдайды. Себебі Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап, Салониқа қаласына кетті. Кіріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды. Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ.
К Филимону
1
Выбор основного перевода