Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Филимону
1
Параллельные места
Мұны ұялту үшін емес, сүйікті рухани балаларым ретінде ескертіп жазып отырмын. Мәсіхпен жүрген тіпті он мың ұстаздарың болса да, «рухани әкелерің» көп емес. Себебі мен Ізгі хабарды уағыздап, сендерді Мәсіх Исаның жолына түсіріп, жаңа өмірге ие еттім. Балаларым менің! Баласын туғанда толғақ азабын басынан кешкен анадай мен тағы да сендерді уайымдап қиналып жүрмін. Бұл, мінез-құлықтарыңнан Мәсіхтің болмысы толығырақ көрінгенше, жалғаса бермек. Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді.
К Филимону
1
Выбор основного перевода