Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Яһуда, сені бауырларың мадақтайды!Қолың жауыңның желкесінен түспейді,Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. «Жасағыңды түзе, уа, соғысқа дайындалған қала, өйткені бізді жау қоршап алды. Олар Исраилдің билеушісінің бетін асатаяқпен соққылайтын болады. ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, «Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады». Нағасон Әминадаптан, Әминадап (Админнан, Админ Арнидан, Арни) Рамнан, Рам Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан, Бұл Ізгі хабарда Құдайдың рухани Ұлы туралы сөз болады. Ол адам ретінде Дәуіт пайғамбардың әулетінен шыққан еді. Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.
Выбор основного перевода