Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Ыбырам Кедор-Лаумер мен оған ерген патшаларды жеңіп, қайтып келе жатқанда, Содомның патшасы оны қарсы алу үшін «Патша аңғары» деп аталатын Шаве аңғарына жолға шықты. Салим қаласының патшасы Мәліксадық та Ыбырамның алдынан шығып, оған нан мен шарап ұсынды. Ол Құдай Тағаланың діни қызметкері болатын. Мәліксадық Ыбырамға ақ батасын беріп былай деді:«Лайым көк пен жерді жаратқанАлла Тағала Ыбырамды жарылқай көрсін! Жауларыңды қолыңа тапсырғанҚұдай Тағала мадақтала берсін!»Ыбырам қолында барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа құдайы сый-тарту ретінде қалдырып кетті.
Выбор основного перевода