Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Иса былай деп жауап берді:— Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз. Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады. Осы Ізгі хабар аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланып келеді. Мен — Пауыл да оның таратушысына айналдым. Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!
Выбор основного перевода