Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді. Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды. Ол бізді Мәсіхпен байланысты өз халқы болуға алдын ала таңдап алған еді. Бұл Құдайдың әуел бастағы мақсатына сәйкес болды. Құдай бізді құтқарып, өз халқы ретінде қасиетті өмір сүруге шақырды. Ол мұны біздің жасаған игі істерімізге бола емес, Өзінің мақсаты мен рақымы бойынша істеді. Себебі Құдай бізге Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлауға әлем басталмастан бұрын-ақ ниеттенген еді.
Выбор основного перевода