Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып, оларға:— Барып, Құдайларыңа арнап осы елдің ішінде құрбандық шалыңдар! — деді. Ал перғауын:— Сендерді Құдайларың Жаратқан Иеге арнап айдалада құрбандық шалуларың үшін жіберемін. Тек алысқа бармаңдар! Енді мен үшін сиыныңдар, — деп өтінді. Содан перғауын кісі жіберіп, Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Осы жолы мен күнә жасадым. Жаратқан Ие әділ, ал өзім және халқым кінәлі. Жаратқан Иеге сиыныңдаршы! Құдайдың қатты күн күркіретіп, бұршақ жаудырғаны тоқтаса екен! Бұған дейін басымызға түскені жетер. Сендерді жібермекпін, бұдан әрі қарай мұнда қалуға тиіс болмайсыңдар, — деді. Ал енді күнәмді тағы бір жолға кешіріңіздер. Құдайларыңыз Жаратқан Ие бұл жойқын жазаны менен алып кете көрсін деп Оған сиыныңыздар, — деп өтінді. Перғауыннан шығысымен Мұса Жаратқан Иеге сиынып мінажат етті. Халық Мұсаның алдына келіп: «Біз Жаратқан Иеге және өзіңізге қарсы сөйлеп күнә жасадық. Мына жыландарды бізден аластата көрсін деп Жаратқан Иеге біз үшін өтініш жасап сиыныңызшы!» — деп жалынды. Содан Мұса халық үшін өтініп сиынды. Ал патша Құдайдың пайғамбарынан өтініп: «Құдайыңыз Жаратқан Иеге жалбарына көріңіз! Ол маған рақым етіп қолымды бұрынғы қалпына келтіре көрсін деп мінажат етсеңіз екен!» — деді. Құдайдың пайғамбары Жаратқан Иеге жалбарынып мінажат еткенде патшаның қолы жазылып, бұрынғы қалпына қайта келді. Ал Шимон олардан:— Айтқандарыңның бірі де басыма келмесін деп сендер мен үшін Құдай Иеге жалына көріңдерші! — деп өтінді.
Выбор основного перевода