Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
перғауын сендерді тыңдамайтын болады. Сонда Мысырға қолымның құдіретін төндіріп, қатаң жазалар тартқызу арқылы өз жасағым — халқым Исраилді Мысыр елінен алып шығамын. Олар солай істеді де. Һарон қолындағы таяғын сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып қалғанда, адамдар мен малдардың үстіне масалар жабыла қонды. Бүкіл Мысыр еліндегі шаң-тозаң масаларға айналды. Алайда перғауын бұл жолы да жүрегін қасарыстырып, халықты жібермей қойды. Бірақ перғауын бұршақ пен жаңбырдың әрі күннің күркіреуінің тыйылғанын көргенде, күнә жасауын әрі қарай жалғастырып, өзі де, нөкерлері де жүректерін қасарыстырып алды. Бір кездегі мысырлықтар мен перғауын сияқты жүректеріңді қасарыстырмай-ақ қойыңдар! Жаратқан Ие өздеріне құдіретін көрсеткен соң олар исраилдіктерді босатып жіберуге мәжбүр болды емес пе?! Өйткені «қылмыстың үкімі тез орындалмаса, адамның жан дүниесі зұлымдыққа батар».
Выбор основного перевода