Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы да былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Қолыңа таяғыңды ұстап, өзендер, арықтар және тоғандарға қарай көтеріп тұр да, бақаларды шығарып, Мысыр елін бақаға қаптат». Һарон қолын Мысырдың суларына қарай көтергенде олардан бақалар шығып, елді жайлап алды. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Таяғыңды сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып жібер! Сонда бүкіл Мысырдағы шаң-тозаң масаларға айналады». Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйрық берді:— Қолыңды аспанға қарай соз! Сол сәтте бүкіл Мысыр елінің үстіне, ондағы адамдардың, малдардың және даладағы өсімдіктердің бәрінің үстіне бұршақ жауатын болады. Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды Мысырдың үстіне қарай соз. Сонда шегірткелер қаптап келіп, Мысырдың жеріне қонсын. Олар бұршақтан аман қалып, өсіп тұрғанның бәрін де жалмап қойсын. Содан Мұса қолындағы таяғын Мысырдың жерінің үстіне қарай созды. Жаратқан Ие елге сол күні бір тәулік бойы шығыс жақтан жел соқтырды. Таң атқанда шығыстан соққан жел шегірткелерді жеткізді. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды аспанға қарай соз, сонда Мысырды көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Сол кезде Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды: «Қолыңды теңізге қарай соз! Сонда су қайтадан орнына келіп, мысырлықтардың күймелері мен атты жауынгерлерін басып қалсын».
Выбор основного перевода