Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда перғауын:— Мен айтқанына құлақ асып, исраилдіктерді жіберетіндей «Жаратқан Ие» деген кім? Мен «Жаратқан Иені» білмеймін де, Исраил халқын жібермеймін де, — деп жауап қатты. Ал егер олар осы екі кереметке де сенбей, айтқандарыңа құлақ аспай қойса, онда Ніл өзенінен су алып, құрғақ жерге төк. Сол су құрғақ жерде қанға айналады. — Осылайша Мысырға қолымды созып, ел ішінен Исраил халқын алып кеткенімде, мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Арамза өлгенде үміті үзілер,Зұлымның күткені босқа кетер. Екеуі Құдайдың хабарын жариялаған кездерінде өз қалаулары бойынша жаңбыр жаумайтындай етіп аспанды жауып тастау, суды қанға айналдыру және жерді әр түрлі пәлелерге душар еткізу биліктері бар. Үшіншісі тостағандағысын өзендер мен су көздеріне төгіп жібергенде, олар қанға айналды. Сол адамдар Сенің халқыңның және пайғамбарларыңның қанын төккендіктен, оларға қан ішкіздің. Соларға осы лайық».
Выбор основного перевода