Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады. Олар тіпті Мұсаны сөгіп:— Не үшін бізді айдалада өлуге алып келдің? Мысырдан бізге мола табылмайтын ба еді?! Мысырдан алып шығып, бізге не қылғаның? Сонда халық: «Енді не ішеміз?» — деп Мұсаға қарсы наразылық білдірді. Сонда Сарай Ыбырамға:— Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді. Ал Жақып Шимон мен Леуіге қатты наразыланып:— Сендер мені осы жерде тұрған қанахандықтар мен перездіктерге жек көрінішті қылып, бақытсыздыққа итермеледіңдер. Мендегі адамдар азғана. Әлгілер жиналып қарсы шығып, мені жеңіп, үй ішіммен жоқ қылар, — деп сөкті.
Выбор основного перевода