Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Исраилдің рубасылары сенің айтқандарыңа ден қоятын болады. Мұнан кейін оларды ертіп, Мысыр патшасының алдына бар. Оған былай деңдер: «Біз, исраилдіктер, сиынатын Құдайымыз — Жаратқан Ие бізге аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға бізге рұқсат етіңіз». Саған бұйырған болатынмын: Ұлымды жібер, Өзіме қызмет етсін! Ал сен оны жіберуден бас тартып тұрсың. Ендеше Мен сенің ұлың — тұңғышыңды өлтіремін!» Мұса:— Біз жас-кәрілерімізді, ұл-қыздарымызды, ұсақ және мүйізді ірі қараларымызды ала барамыз. Өйткені Жаратқан Иеге арналған мейрам тойын өткізуіміз керек, — деді.
Выбор основного перевода