Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: — Исраилдің ер адамдарын түгендеп санап жатқан кезде санаққа кірген әркім өз өмірі үшін Жаратқан Иеге жан басы салығын төлесін. Сонда олар санақтан өткенде індетпен жазаланбайды. Санақтан өтіп жатқан әр адам салмағы жарты мысқал (күмісті) Жаратқан Иеге тарту ретінде бағыштасын. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын, киелі орында қолданылатын ресми өлшем. Жасы жиырмаға толған не одан асқан әрбір ер адам Жаратқан Иеге осындай сый-тарту ұсынуға тиіс. Жан басы үшін Жаратқан Иеге арнап төленетін осы төлем бай үшін жарты мысқалдан артық болмасын, кедей үшін одан кем де болмасын. Исраилдің ер адамдарынан жан басы салығын қабылдап, кездесу шатырының қажетіне жарат. Осылай сендердің жеке бастарың үшін төлеген осы төлемдерің Жаратқан Ие алдындағы естеліктерің болмақ.
Выбор основного перевода