Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жұмыс аяқталғаннан кейін қалған күміс патша мен Еходайға әкелінді. Олар содан Жаратқан Иенің киелі үйіне қажетті құрал-жабдықтарды: қызмет өткізіп, құрбандықтарды шалып, өртеуге арналған бұйымдарды, алтын мен күмістен жасалған табақтар мен өзге де ыдыстарды жасатты. Еходайдың көзі тірі кезінің бәрінде Жаратқан Иенің киелі үйінде шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар тоқтаусыз ұсынылып отырды. Яһудалықтар және Солтүстік Исраилден Яһуда еліне көшіп келіп, Яһуданың өзге қалаларында тұрып жатқандар мүйізді ірі қаралары мен ұсақ малдарының оннан бірін айдап әкелді, әрі өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге арнап қойғандарының да оннан бір бөлігін ұсынып, үйіп-төгіп тастады. Олар сый-тартуларын әкелуді мамыр айында бастап, қыркүйекте бір-ақ аяқтады. Езекия патша мен оның әміршілері келіп, үйіліп-төгілген сый-тартуларды көргенде, Жаратқан Иеге шүкірлік етіп, Оның халқы Исраилге алғыс айтып, ақ бата берді. Езекия діни қызметкерлер мен леуіліктерден осы мол тартулар туралы сұрастырғанда, Садықтан тараған бас діни қызметкер Азариях былай деп жауап берді: «Халық Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тартуларын алып келе бастағалы біз жейтін тамақтан таршылық көрген жоқпыз, тіпті қор жинауға да жететін болды. Жаратқан Ие Өзінің халқын молынан жарылқағандықтан азық-түлік қоры ағыл-тегіл!» — деді. Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті. Олардың қолдарынан келгенше, тіпті мүмкіндіктерінен де артық кеңпейілділік танытқандарына мен куәмін: өз жүрек қалауларымен
Выбор основного перевода