Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін. Кешкі құрбандықтың уақытында Ілияс пайғамбар құрбандық орнына жақындап келіп, былай деп сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы! Өзіңнің Исраилдегі Құдай екеніңді, менің өз қызметшің екенімді және осының барлығын Сенің бұйрығыңа сай істеп отырғанымды бүгін анық білдіре көрші! Михол бір мүсінді алып, төсекке жатқызып, үстін жамылғымен жапты да, бас жағына ешкі жүнінен тоқылған перде қойды. Ал өлгендердің қайта тірілуі жайында Құдайдың (Тауратта): «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» дегенін оқымап па едіңдер? Демек, Ол — өлгендердің емес, тірілердің Құдайы! Ал өлгендердің тірілуі жайында Мұса пайғамбардың қалдырып кеткен Таурат кітабындағы тікенді бұта туралы бөлімді оқымап па едіңдер? (Ыбырайым, Ысқақ және Жақып дүние салғаннан көп жыл өткен соң) Құдай Мұсаға былай деді: «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын». Өлгендердің тірілетінін Мұса да Таурат кітабындағы тікенді бұта туралы бөлімде білдірген. Ол онда Жаратқан Иені «Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы» деп атаған. (Үшеуі сол кезден көп жыл бұрын дүние салған болатын.) «Мен ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» деген даусын естиді. Бұдан қорқып, дірілдеп кеткен Мұсаның қарауға дәті бармайды.
Выбор основного перевода