Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын. Біздің Құдайымызға ән айтыңдар,Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар,Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар,Көз алдында шат-шадыман болыңдар. Иса оларға былай жауап берді:— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін! Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді. Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода