Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден (ішкі) шымылдық тоқытып, бетіне керубтердің бейнелерін шебер кестелет. Шымылдық ілінген соң оның ішкі жағына Келісім сандығы кіргізіліп қойылсын. Осылай шымылдық сендер үшін қасиетті бөлмені ең қасиетті бөлмеден ажыратып бөліп тұратын болады. Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. Ымырт жабыла шамдарды жаққан кезде де Һарон сондай тартуды түтетіп ұсынуға тиіс. Бұл — келер ұрпақтарыңның да Жаратқан Ие алдында тұрақты орындайтын түтету рәсімі. Өздерің және болашақтағы ұрпақтарың барлық мекендеріңде сақтауға тиісті тұрақты ереже мынау: сендерге құрбандықтың ешқандай майын және қан атаулыны ішіп-жеуге болмайды. Бұл сендерге арналған тұрақты ереже болады: жылына бір рет Исраил халқының барлық күнәларына бола оларды арамданған күйінен тазарту рәсімін орындаңдар!Мұса бәрін де Жаратқан Ие өзіне айтқандай істеді.
Выбор основного перевода