Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар! Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол! Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс. Айдалада жүрген кезінде ата-бабаларымызда Құдай олармен жасаған Келісімнің куәліктері сақталған шатыр бар болатын. Сол киелі шатыр Құдайдың берген әмірімен тура Мұса көрген үлгіге сай жасалған еді. Бұлардың құлшылық етуі көктегі рухани қызметке ұқсағанмен, онымен бірдей емес. Мұса киелі шатырды дайындауға кіріскенде Құдай оған: «Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол!» — деп ескертті ғой.
Выбор основного перевода