Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Қала тұрғындарының қыздары су алуға келе жатыр. Ол ішіп болған кезде қыз оған:— Мен түйелеріңізді де шөлдері қанғанша суарып берейін, — деп ұсынды. Сол жерде ол далада тұрған бір құдықты көрді. Оның қасында үш отар қой жатты, шопандар малдарын содан суарады екен. Құдықтың аузы алып таспен бекітілген еді. Мұса қайын атасы — мадияндық діни қызметкер Етордың ұсақ малдарын бағып жүрді. Бір күні ол отарын айдаланың алыс түкпіріне, Құдайдың тауы деп те аталатын Хориб тауына айдап барды. Етор құрбандыққа мал шалып, бірқатарын Құдайға арнап түгелдей өртеп жіберді. Һарон және Исраилдің күллі рубасылары да келіп, Мұсаның қайын атасымен Құдай алдында құрбандық асынан жеді. Сонымен Саул мен қызметші жігіт қала орналасқан төбеге көтеріліп бара жатқанда, су алуға шыққан бойжеткендерді кездестіріп, олардан:— Тәңір Ие аян беретін көріпкел осында ма? — деп сұрады.
Выбор основного перевода