Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қаланың ер адамдары оған:— Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды. Бірақ Иса сол кісіге:— Кім Мені сендерге би немесе мұраларыңды бөлетін төреші етіп қойды? — деп жауап берді. Келесі күні екі исраилдіктің төбелесіп жатқанын көргенде Мұса оларды татуластырғысы келіп: «Жігіттер, сендер бауырлассыңдар ғой! Қойыңдар, бір-біріңді неге жәбірлейсіңдер?» — дейді. Бірақ елдесін жәбірлеуші жігіт Мұсаны итеріп жіберіп: «Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, кешегі мысырлықты өлтіргендей, мені де өлтірмексің бе?» — дейді.
Выбор основного перевода