Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда осы исраилдік әйелдің ұлы Жаратқан Иенің есімін балағаттап қарғады. Сол себепті оны Мұсаның алдына әкелді. Сол жігіттің анасының аты-жөні Дан руынан шыққан Дибри қызы Шеломит болатын. Мен сол жерге түсіп, өзіңмен тілдесемін. Сендегі Рухтан алып, олардың әрқайсысына үлестіріп қондырамын. Сонда осы халықты басқарудың ауыр жүгін сен жалғыз өзің көтермейсің, олар да сенімен бірге көтерісетін болады. Ұстағандар әлгі адамды Мұса мен Һаронның және жамағаттың алдына алып келді. Осы қыздар кездесу шатырының кіреберісінің маңына Мұсаның, діни қызметкер Елазардың, жетекшілердің және бүкіл жамағаттың алдына шығып, былай деп өтініш жасады: Бір күні Ғилақад әулетінің басшылары — Жүсіптің немересі, Манасаның ұлы Махырдың ұрпақтары Мұсаның және Исраил халқының жетекшілері мен әулет басшыларының алдына келіп, былай деді: Үкім шығарғанда ешкімнің бет-жүзіне қарамай, үлкенді-кішілі бәріне бірдей құлақ түріп, сот жүргізіңдер! Ешкімнен қаймықпаңдар, себебі үкім шығаруды сендерге Құдайдың Өзі бұйырған. Егер сендерге бір мәселе тым қиын болса, оны менің алдыма әкеліңдер, сонда оған назар аударамын». Сол кезде мен өздерің орындауға тиісті істеріңнің бәрі туралы нұсқау бергенмін.
Выбор основного перевода