Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса бұған:— Жаратқан Ие сендер туралы қандай нұсқау берер екен, мен соны біліп алғанға дейін күте тұрыңдар! — деген жауабын берді. Елді мекендеріңде шешуге тым қиын даулы мәселелерді: біреуді біреу әдейі өлтірді ме, не кездейсоқ болды ма, бір дауда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, яки төбелесіп қалғандардың қайсысы айыпты, осы сияқты даулы мәселелерді Құдайларың Жаратқан Ие таңдап алған орынға апарыңдар. Сол жердегі леуілік діни қызметкерлерге және сол кезде міндетін атқарып жатқан төрешіге барып жүгініңдер. Олар сол іс бойынша үкімдерін шығарып береді. Жаратқан Ие таңдап алған орындағы олардың сендерге айтатын шешімін толығымен, мұқият жүзеге асырыңдар! Олар түсіндіріп берген заңды және шығарған үкімді толығымен орындауларың керек. Жариялаған шешімдерінен не оңға, не солға бұрылмаңдар. Ал егер біреу Құдай Иенің алдында қызмет етуге тағайындалған діни қызметкердің не төрешінің айтқандарын менсінбей, орындамай қойса, ондай адамды тірі қалдырмау керек.Зұлымдықты Исраилден осылайша аластатыңдар! Бүкіл халық мұны естіп, қорқатын болады. Содан олар да (билік иелерін) менсінбеулерін доғарады.
Выбор основного перевода