Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:«Амалек халықтардың алғашқысы еді,Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді». Мысыр елінен шығып келе жатқандарыңда амалектіктердің сендерге не істегендерін естеріңнен шығармаңдар: сендер қажып-талып көшіп келе жатқандарыңда олар сендерді қарсылап, артта қалып қойғандарыңның бәріне тап берген еді ғой. Олар Құдайды еш қастерлемеді әрі Одан қорыққан да жоқ. Сондықтан Құдайларың Жаратқан Ие сендерге иемденуге беріп отырған елінде айналаларыңдағы барлық жаулардан тыныштық сыйлағаннан кейін Амалектің атын аспан астындағы дүниеден өшіріп тастауларың қажет. Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кезінде Исраилдің үрім-бұтағы Мысырдан көшіп шығып келе жатқанда, Амалек тайпасы оларға қарсы соғысып, жолын бөгеген болатын. Қазір Мен Амалектің сонысын есіме түсіріп, жазаламақпын.
Выбор основного перевода