Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бар да, Исраилдің рубасыларын жинап алып, оларға былай де: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие маған аян беріп, мынаны айтты: Мен сендерді назарымда ұстап келемін, Мысыр елінде көрген жәбірлеріңді түгел білемін. Сонда Исраилдің рубасылары сенің айтқандарыңа ден қоятын болады. Мұнан кейін оларды ертіп, Мысыр патшасының алдына бар. Оған былай деңдер: «Біз, исраилдіктер, сиынатын Құдайымыз — Жаратқан Ие бізге аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға бізге рұқсат етіңіз». Жаратқан Ие Мұсаға арнаған сөзін жалғастырып: — Сен Һаронға былай де: «Таяғыңды алып, қолыңды Мысырдың суларына қарай көтер! Сонда өзендер мен арықтардың, тоғандар мен су қоймаларының бәрі қанға айналады. Бүкіл Мысырды қан жайлап кетпек, тіпті ағаш не тас ыдыстардың ішіндегі су да қанға айналмақ», — деді. Мұса мен Һарон Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон перғауын мен оның нөкерлерінің көз алдында таяғын жоғары көтеріп, сонымен Нілдегі судың бетін ұрып қалды. Сонда өзендегі бүкіл су қанға айналды!
Выбор основного перевода