Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен жігіт Дәуіт пен серіктерін амалектіктер кеткен жаққа бастап алып жүрді. Олар жаудың қостарына таяп, қараса, амалектіктер бір кең жерге алаңсыз жайғасып, філістірлердің және Яһуданың елдерінен қолдарына түсірген ұлан-ғайыр олжаларына қуанғаннан ішіп-жеп тойлап жатыр екен. Зор олжаға тап болған адам сияқты,Сенің сөздеріңе қуанамын сондай қатты! Уа, Иеміз, халқымыздың санын көбейттің,Жерімізді де Сен жан-жаққа кеңейттің.Осылайша ұлтымызды үлкейттің,Содан зор құрмет пен даңққа бөлендің». Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Қазір-ақ орушылар жалақыларын алып, мәңгілік өмірге арналған өнімді жинап жатыр. Осылай егінді еккен де, жинаған да бірге қуанады. Сонымен қатар, Мәсіхтің ісі басқа ұлттық сенушілердің Құдайдың өздеріне деген мейірімін мадақтауларына да себепші болды. Бұл туралы Киелі жазбаларда былай делінген: «Басқа халықтар арасында сондықтан Сені мадақтаймын, Сенің атыңа ән-жырымды арнаймын».
Выбор основного перевода