Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл Исраилдің өкілдері патшаның өздеріне құлақ түрмегенін көргенде, оған қарсы айқайлап былай деді:— Дәуітке біздің қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!Дәуіт, өз үйіңе-ақ билік ете бер!Содан олар мекендеріне қайтып кетпек болды. Солтүстік Исраилдің патшасы Пақахтың заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер қайтадан аттанып келіп, Ион, Әбел-Бет-Маха, Янох, Қадеш, Хасор қалаларын жаулап алды. Жау сондай-ақ Ғилақад пен Ғалилея аймақтарын және Нафталим руының бүкіл жерін басып алып, тұрғындарын Ассурға жер аударып алып кетті. Жаратқан Ие Яһуда елін патшасы Ахаздың кесірінен соншалықты масқара болуға душар етті. Себебі Ахаз Яһуда халқын Құдайға бағынбай, зұлымдық істеуге еліктіріп, өзі де Жаратқан Иеге орасан зор опасыздық жасаған болатын. Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер Яһудаға аттанып, көмек орнына зорлық-зомбылық көрсетті. Ал енді, уа, Құдайымыз, Сен Өзіңнің Келісіміңнің уәделерін орындап, берік мейіріміңді көрсететін ұлы, құдіретті әрі айбынды Құдайсың! Біздің басымызға түскен ауыртпалықтарға жеңіл қарай көрме! Ассур патшаларының шабуыл жасаған заманынан бастап күні бүгінге дейін біздің патшаларымыз бен жетекшілеріміз, діни қызметкерлеріміз бен пайғамбарларымыз, ата-бабаларымыз және Сенің бүкіл халқың азап шегіп келеміз. Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді! О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!»
Выбор основного перевода