Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ливан орманы сарайы» деп аталған ғимараттың ұзындығы жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақтан болды. Оның төрт қатар самырсын бағаналарына арқалық самырсын бөренелері бекітілді. Патша тағы үш жүз шағын қалқан жасатып, оларды да соғылған алтынмен қаптатқызды. Бұл қалқандардың әрқайсысы үшін үш жүз мысқалдай алтын жұмсалды. Патша қалқандардың барлығын «Ливан орманы сарайына» қойғызды. уәзірлерімен және қолбасшыларымен кеңесіп, қала сыртындағы су көздерін бітеп тастау туралы ақылдасты. Олар патшаны қолдады. Көптеген адамдар жиналып, Ассурдың патшалары өз әскерлеріне су таба алмай қиналсын деп, барлық бұлақ көздерін және сол жермен ағып жатқан жылғаны бітеп тастады. Езекия іске бар ынтасымен, жан сала кірісіп, қамалдың құлап қалған барлық қабырғаларын қайта тұрғызып, үстіне бірнеше күзет мұнарасын да салды. Оның сыртынан тағы бір қабырға тұрғызып, Иерусалимдегі «Дәуіттің шаһары» делінген көне қорғанның саты тәрізді беткейіне де бекіністер салғызды.Сонымен қатар патша көп етіп қару-жарақ пен қалқандар жасатып, Гихон қайнар көзінің жоғарғы бұлағын бітеп тастап, суын (тауды үңгіп жасаған кәріз арқылы) батысқа, Дәуіттің шаһарының ішіне қарай бағыттап ағызған да патша Езекия еді. Ол не істесе де, табысқа жетіп жүрді.
Выбор основного перевода