Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Түстен кейін де олар кешкі құрбандықтың уақытына дейін еліріп, тәңірлерін шақырумен болды. Бірақ еш дауыс та болмады, ешкім жауап та қатпады не көңіл де бөлмеді. Әлде мына халықтардың тәңірлері: Ғозанның, Харанның, Ресефтің әрі Тел-Ассардағы Еденнің тәңірлері сол елдерді құтқарып қалды ма? Оларды менің аталарым құртқан жоқ па?! Бұл — Моаб елі туралы ауыр хабар: Ойбай, Моабтағы Ар қаласы еш шүбәсіз бір-ақ түнде қиратылып талқандалмақ! Моабтағы Кир қаласы да бір-ақ түнде жойылып күл-талқан болмақ! Халық жалған тәңірдің ғибадатханасына көтеріледі. Олар Дибонның биіктеу жерлеріндегі табыну орындарында жылау үшін өрлеп шығады. Моаб халқы Небо мен Медеба қалаларын жоқтап жылайды. Барлығы да қайғырып шаштарын, сақал-мұрттарын алып тастайды. «Мен Моаб еліндегі биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге арнап құрбандық шалып, өртеп, хош иісті заттар түтету атаулыны жоямын!» — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода