Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Сибманың жүзім бұталары үшін Жазер халқы іспетті мен де қатты қайғырамын. Уа, Хешебон мен Елғала, сендерді де жоқтап, көз жасымды көл қыламын. Өйткені енді қайтып мұнда халықтың құрма, інжір жемістері мен егіннің өнімдерін қуана жинайтын маусымдары болмайды. Құнарлы бау-бақшаларда шат-шадымандық ғайып болады. Жүзімдіктерде көңілді әндер шырқалмайды. Сыққыш шұңқырларда ешкім де қуана айқай сала жүзімді таптап шырынын ағызбайды. Сол себепті жан дүнием Моаб елі үшін әрі жүрегім ондағы Кир-Хәрес қаласы үшін қайғылы әуен тартқан жетігендей зарлайды. Аяқтары жамандыққа алып ұшып, жазықсыз қан төгуге асығады. Олардың ой-ниеттері арам, жүрген жерлерін қиратып, күл-талқандарын шығарады. Босқындары да жылап, Лухит асуына қарай өрлейді. Кейін Хоронаимға ылдилап баратын жолда да бейшара адамдардың өз елдерінің қирағанына үрейлене айқайлаған дауыстары естіліп жатпақ. Сондықтан мен Моаб үшін қайғырып, бүкіл Моаб елі үшін жоқтау айтамын. Кир-Хәрес қаласы үшін де мұңая күрсінемін. Олардың қиналған айқайы Хешебоннан Елғале мен Яхасқа, Сиғордан Хоронаим мен Үшінші-Әглатқа дейін естіледі. Тіпті Нымрим сайының суы да тартылып қалады.
Выбор основного перевода