Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.Сондай керемет істерді жасадың,Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың. Сол кезде Яһуда еліндегі халық мына жырды әндететін болады:«Біздің қала мықты, Құдайдың ӨзіҚабырғалар мен бекіністер іспеттіОны құтқарып, қауіпсіз етеді! — Халқымды Менің жұбатыңдар,Көңілін оның орнықтырыңдар! —Дейді сендер сиынған Құдай Иең. — Иерусалимге жылы сөз айтыңдар,Мына хабарды оған жариялаңдар:«Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең,Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің!Себебі Жаратқан Иенің қолы сағанБар күнәңнің жазасын берді молынан».
Выбор основного перевода