Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол:— Мен жүз отыз жыл жат жұрттық болып өмір сүріп келемін. Өмірімнің жылдары әрі аз, әрі азапқа толы болды. Олар аталарымның бөтен елде көшіп-қонып жүріп жасаған жылдарынан әлдеқайда аз, — деп жауап қатты. Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. Өмірім тоқымашының қайығындай зырылдап өтіп жатыр, ақыр соңында ол еш үмітсіз үзіледі. Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды. Қайғыдан көздерім буалдырланып, денемнің құр сүлдері қалды. Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,Қураған шөптей әбден әлсіредім. Көңілім жабырқаңқы, рухым түсті,Қорқыныштан менің үрейім ұшты. Адам үшін өмірде ненің игі екенін кім біледі? Ол қысқа да мәнсіз күндерімен көлеңкедей сырғып өте шығады ғой. Өзінен кейін осы өткінші дүниеде не болатынын адамға кім білдіреді?
Выбор основного перевода