Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір Ие адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сансыз кереметтерді жасайды. Құдайдың терең құпияларын шеше аласың ба? Құдіреті шексіз Алланы толықтай зерттеп біле алар ма едің? Осылай Құдай Өзінің ғажайып күркіреген даусын шығарады. Ол біз ұғына алмайтын керемет істерді істейді. Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың,Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың.Игі істеріңді айтуға тырыссам,Көптігі сонша, санауға жетпейді сан:Саған тең келе алмас бірде-бір жан! Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай,Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай! О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес! Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды:«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,Сенің істерің керемет те ұлы!О, халықтардың мәңгілік Патшасы,Сенің жолдарың әділ де шынайы!
Выбор основного перевода