Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Татулық сөзін олар еш қозғамайды,Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды. О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді, Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың. Жеті рет жығылса да әділ жан,Қайта тұрып кетер орнынан,Ал зұлым құрып кетер апаттан. Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.
Выбор основного перевода