Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Құдай Иеміз сендерді құлдықтан қайтарып алып, аяп-мүсіркейді. Ол сендерді Өзі шашыратып жіберген халықтардың арасынан қайтадан жинап алмақ. Бұрын шағынға ие болғанмен, соңындағың көл-көсір асып-тасып жатады. Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Ие тұтқындарды СионғаҚайтарып алып келген уақытындаҰқсадық түс көріп жатқан адамға, Бұрын масқара болғандарыңның орнына айрықша қадірленесіңдер. Бастарыңнан өткізген қорлықтарыңның орнына енді үлестеріңе тиген мұраларыңа қуана ән шырқайсыңдар. Сонымен Құдай халқы өз елінде бұрынғысынан екі есе мол дәулетке қол жеткізіп, мәңгі бақи шаттанатын болады. жалын шашқан өртті сөндіріп, семсер жүзінен аман қалды. Олар әлсірегенде Құдайдан күш алып, ұрыс-шайқаста нығайып, жау жасақтарын қуып шықты. сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады.
Выбор основного перевода