Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Өзі тағайындаған ПатшасынАман сақтайтынын енді білемін,Жауап береді оған киелі көгінен,Құтқарады оны құдіретті қолымен. Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің,Олар соны көтерсін деп шындық үшін. Сүйіктілерің лайым аман сақталсынДеп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын. Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.
Выбор основного перевода