Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді. Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды. Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады. Кеудемде жаным болғанша, Құдай маған тыныс алуға мұрша бергенше, Құдайдың Рухы мені жаратты, құдіреті шексіз Тәңірдің тіршілік лебі маған өмір берді. Егер Ол өз рухын Өзіне қайтарып, тіршілік лебін қайтып алуды шешсе, Ол бізге жердегі хайуандарға қарағанда көбірек нәрсені үйреткен, бізді әуедегі құстардан ақылдырақ етіп жаратқан. Адамның жан дүниесіне ақыл-парасат дарытып, санасына түсінікті кім сыйлады? Себебі Жаратушы даналық сыйлар,Білім мен түсінік Оның аузынан шығар, Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,Әрі патшаларды тағайындап қояды,Ал кейін оларды орнынан алады,Ол даналарға тағы даналық қосады,Түсінігі барларға білім дарытады, Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Выбор основного перевода