Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын,Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын. Ол әділдікті сауыттай, құтқаруды басына дулығадай киіп, зұлымға жазасын тартқызуды жамылғыдай оранып, қайратын шапандай жамылған жауынгер секілді даяр тұр. Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты! Сонда мен: «Оның басына таза сәлде кигізіңдер», — деп өтіндім. Олар оның басына таза сәлде, үстіне арнайы киімдер кигізді. Осы кезде Жаратқан Иенің періштесі жанымызда тұрды. Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар!
Выбор основного перевода