Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Данышпанның да өлгенін жұрт көреді,Дәл солай ақымақ пен ессіз де өледі,Мал-мүлкін басқаға қалдырғанын біледі. Ізгі жанның мұрасы үрім-бұтағына қалар,Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар. Тойымсыз өсімқор жиған байлығынан айырылар,Соңында байлығы кедейді аяғанға бұйырар. Өзін риза ететін адамға Құдай даналық, білім және қуаныш сыйлайды. Ал теріс жолмен жүретін күнәкарға Ол байлық жинап, сақтап қою уайымын тапсырады. Бірақ күнәкар соларын Құдайды риза еткен адамға қалдырып кетуге мәжбүр болады. Мұндай өмір шынында жел соңынан қуғандай бекершілік.
Выбор основного перевода