Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бар іс-әрекетімді көріп, басқан қадамдарымның бәрін де Ол бағалайды емес пе? Керік саған қызмет етуге келісіп, мал қораңда түней ме? Уа, Құдай, Сен сынақтан бізді өткіздің,Күмісті балқытқандай тазарта бердің, (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің,Сен мені толығынан танып білесің: Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,Ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,Жолдарымның барлығы да Саған айқын. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнанОны толық білесің, уа, Жаратқан! Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші,Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші! Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады. Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек.
Выбор основного перевода