Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай әділдікті бұрмалайтын ба еді? Құдіреті шексіз Тәңір дұрысты бұрыс қылатын ба еді? Зұлымды өз аяғы торға түсіріп, өз бетімен жүрген ол орға құлайды. Қақпан оны өкшесінен ұстап, тұзақ оны тұтады. Тұзақ жіп жерде жасырын қойылған, жүретін соқпағында қақпан орнатылған. — Менің құқығымды алып қойған мәңгі тірі Құдайдың алдындағы шын сөзім, иә, жан дүниемді ренішке кенелткен құдіреті шексіз Тәңірдің алдындағы шын сөзім: Иә, шынымен Құдай ешқандай зұлымдық істемейді, құдіреті шексіз Тәңір ақиқатты бұрмаламайды! Адамға тиісті әділдікті бұрмалауды:Жаратқан Ие көрмей ме сол сұмдықтарды? Ал Мен олар барған кезде үстеріне торымды тастаймын. Оларды аспанда ұшып жүретін құстар сияқты жерге түсіріп, жиындарында сөз болған қылықтарына сәйкес жазалап түзетемін.
Выбор основного перевода