Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіпті қазірдің өзінде мен үшін де куәлік беретін Қорғаушым көкте. Сөзімді сөйлейтін Қолдаушым заңғар биікте. Лайым менің аузымдағы сөздерімӘрі жан дүниемдегі ой-ниеттерімҰнамды болсын Саған, о, Жаратқаным.Өзіңсің жартастай мықты ҚорғанымҺәм Құтқарушым, уа, Жаратқан Ием. Естеріне түсті: «Құдай — құздай панамыз,Иә, Алла Тағала — Құтқарушымыз». Ажалдан жанымды аман қалдырып,Рақымы мен мейірімін сыйлайды, Сендерді құтқарушы Қамқоршыларың, Исраил сиынған Киелі Құдай, мынаны айтады: «Сендер үшін Мен Бабылға (жау әскерін) жіберемін. Осылай Бабылдың барлық тұрғындарын, араларындағы халдейлерді де, бұрын даурыға мақтан тұтқан кемелеріне мінгізіп, қашып кетуге мәжбүрлеймін. Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді. Ол менен:— Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады.— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім. Ал Иса оған:— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылайша Құдай Ыбырайымға уәде еткен ақ батаны Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да берді. Енді Мәсіхке сенген бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдаймыз. Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:«Сен лайықсың кітапты қолыңа алуғаЖәне мөрлерін бұзып, оны ашуға!Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтанШыққандардың төлемін өтеп босаттың,Һәм Құдайға оларды бағыштадың,
Выбор основного перевода