Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерді бөтен халықтардың арасына айдатып жібергенде, олардың бәрі кешкен азаптарыңды көріп, шошынады. Сендерді мазаққа айналдырып, келекелейтін болады. Мен достарымның мазағына айналдым. Құдайға сиынатынмын және Ол маған жауап беретін. Әділ де кінәратсыз болып келемін, әйтсе де күлкіге қалып отырмын. Ал енді сондайлар мені келекелеп ән салып, мен олардың мазағына айналдым. Олар менен жиреніп, аулақ жүреді, ал бетіме түкіруден еш тартынбайды! Алаңда ақсақалдар мені өсектейді,Сыра ішкендер сықақтап әндетеді. Ал сен олар үшін керемет дауыспен махаббат әнін шырқап, аспапта жақсы ойнайтын сияқтысың. Себебі олар айтқандарыңды естиді, бірақ оларды орындамайды.
Выбор основного перевода