Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайларың Жаратқан Ие жерлеріңді өз уәдесіне сай кеңейтіп берген соң, етке аңсарларың ауғанда оны қанша жегілерің келсе, сонша жей аласыңдар. Ассур патшасы Солтүстік Исраилдің халқын Ассурға жер аударып әкетіп, оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығынХалқының жауларының қолына түсірді,Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісінСол дұшпандарының қолдарына тапсырды! Уа, Ием, Сен санын көбейтіп халқыңның,Оған үлкен қуаныш та сыйлайсың.Адамдар өнім жинау маусымында,Не жау олжасын бөлісіп алғандаҚатты қуанатындары сияқты,Халқың шаттанады Сенің алдыңда. Уа, Иеміз, халқымыздың санын көбейттің,Жерімізді де Сен жан-жаққа кеңейттің.Осылайша ұлтымызды үлкейттің,Содан зор құрмет пен даңққа бөлендің». солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады.
Выбор основного перевода