Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып», жерге қырық күн, қырық түн бойы жаңбыр құйып тұрды. Ал Нұх, оның ұлдары Шам, Хам және Япші, Нұхтың әйелі мен келіндері сол күні кемеге кірген еді. Солармен бірге аңдардың, малдардың, жер бетінде бауырымен жорғалаушылардың және құстардың, қос қанаттылардың барлық түрлерінен, яғни жаны барлардың бәрінен де, жұптасып Нұхтың қасына кемеге енгендер болды. Олар Құдай Нұхқа бұйрық еткендей, барлық аңдардан бір еркек, бір ұрғашы болып, ішке кірді. Содан кейін Жаратқан Ие есікті жауып тастады. Сонымен жер бетін қырық күн бойы топан су қаптады, судың көтерілгені соншалықты, кеме қалқып жүрді. Жер бетінде су тіптен көбейіп асып-тасып кетті, кеме судың үстінде жүзіп жүрді. Су жер бетінде көбейіп, көтерілген үстіне көтеріле берді, тіпті аспан астындағы барлық биік таулар да судың астында қалды. Осылай топан су таулардың шыңдарынан он бес шынтақ биіктікке көтерілді. Сонда жер бетінде қыбырлап жүрген күллі тірі мақұлықтар: құстар, малдар, аңдар, жер бетінде қаптап жүрген жәндіктер түгелімен және барлық адамзат та суға батып кетті. Осылайша құрғақ жердегі тіршілік атаулының иелері түгел опат болып, жер бетіндегінің барлығы жойылды: адамнан бастап малға дейін, бауырымен жорғалаушылардан бастап аспандағы құстарға дейін бәрі де жер бетінен құрып кетті. Тек Нұхпен бірге кеменің ішінде болғандар ғана аман қалды. Жүз елу күн бойы жер бетінде су үздіксіз көтерілумен болды. Егер солай етсеңдер, онда Жаратқан Иенің лаулаған қаһары сендерге қарсы лап етеді. Ол аспанды жауып, жаңбырды жаудырмай қояды. Сонда жер өнімін бермей, сендер көп ұзамай Жаратқан Иенің өздеріңе табыстаған елінде құрып, жоқ боласыңдар. Егер олар көз алдыңда күнәлі болғанда Сен өздерін жазалап, аспанды жаңбыр жауғызбай жауып тастасаң, әрі олар бұл жерге қарай Саған сиынып, билігіңе мойынсұнып, күнәларынан бас тартса, Ол Өзінің зәулім сарайын көкте салып, соның негізін жердің бетінде қалайды. Ол теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жердің бетіне төгеді. Оның есімі — Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода